Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік кірістер комитеті «KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты мәселелерді түсіндірді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 11 сәуірде кедендік рәсімдерді автоматтандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адами факторды барынша азайту шеңберінде «KEDEN» ақпараттық жүйесі іске қосылғанын хабарлайды.

       Жүйе іске қосылғаннан бері 44 000-нан астам тауар декларациясы өңделді.

         Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) бойынша тәуекелдер болмаған жағдайда декларацияларды берудің орташа уақыты небәрі 2–3 минутты құрайды. Жүйе тәуекелдерді анықтаған жағдайда заңнамаға сәйкес қосымша кедендік тексерулер жүргізіледі.

      Жүйе іске қосылғалы бері 4 980 заң бұзушылық анықталып, нәтижесінде бюджетке қосымша 2,7 миллиард теңге кедендік төлемдер өндірілді.

       Медициналық тауарларды кедендік ресімдеуге қатысты кейбір сұрақтар туындады.

       Осылайша, ҚҚС-тан босатылған 3000-нан астам медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі бар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысы) жіктелуі үшін Мемлекеттік кірістер комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігі арасында қосымша консультациялар жүргізу қажеттілігіне байланысты медициналық өнімнің біреуін (плазмадан алынған С1 ингибиторы) тіркеу процесі ұзаққа созылды.

       Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ҚҚС төлеуден босату толық көлемде беріліп, декларант тарапынан Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Бұл оқиға оқшауланған және «KEDEN» жүйесінің жұмысына қатысы жоқ.

         «KEDEN» ақпараттық жүйесіндегі барлық қажетті анықтамалықтар уақытылы жаңартылды.

        Сондай-ақ, зауыт құрылысына қажетті құрылыс материалдарын кедендік ресімдеу кезінде «Компоненттің реттік нөмірі» жолын толтыруға қатысты мәселе туындады.

         Еуразиялық экономикалық комиссияның 2023 жылғы 30 мамырдағы № 75 шешіміне сәйкес бұл жолақта үш цифрлық таңбадан аспауы керек.

     Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыдан өтініш келіп түскеннен кейін Мемлекеттік кірістер комитеті осы ашық жолдың саны ұлғайту туралы жедел шешім қабылдады.

        Аталған жағдай тек екі сыртқы сауда қатысушысына әсер етті, қазіргі уақытта қажетті техникалық жетілдірулер аяқталды.

        Жеке шоттарда ақша қаражаты болған кезде тауарларды шығарудан бас тартуға қатысты жекелеген жағдайларда сыртқы саудаға қатысушылардың дербес шоттарында ақша қаражатының болмауына байланысты бас тарту кеден заңнамасына сәйкес заңды түрде жасалғаны анықталды.

      Осылайша, заңсыз бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. «KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты себептер бойынша декларациядан бас тартылған және жеке шотында қаражат болған жағдайда салық төлеуші есептен шығарылған қаражатты қайтару үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінуге құқылы екенін атап өткен жөн.

           «KEDEN» АЖ іске қосылғаннан бері Экспорт функциясы бойынша 7080 декларация шығарылды, оның ішінде 108 декларация немесе 1,5% кедендік тексеруден өтті. Барлық тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесі аясында және кеден заңнамасын қатаң сақтай отырып жүргізілді.

      Осылайша, «KEDEN» ақпараттық жүйесі қалыпты жұмыс істеп, туындаған мәселелер жедел түрде шешіледі. Барлық кедендік рәсімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады және ашықтықты, заңдылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.

@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Дата публикации
12 июня 2026
Дата обновления
12 июня 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Ақпарат
20 октября 2026
Азаматтар банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы берешегін қалай реттей алады?
Ақпарат
27 августа 2026
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы