Меню

Страницы

Статья

ҚҚС және КТС бойынша шығыстарды асыра көрсету

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта салық төлеушілер тиісті растаусыз өзге құжаттар бойынша ҚҚС сомаларын заңсыз қосатын және сатып алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша шегерімдерді асыра көрсететін жағдайлар бар екенін хабарлайды.

Салық кодексі ҚҚС бойынша есепке жатқызуға және КТС бойынша шегерімдерге қажетті құжаттардың толық тізбесін белгілейді. Мұндай құжаттарға шот-фактуралар, жол жүру құжаттары, тауарларды әкелу туралы декларациялар немесе өтініштер, резидент еместен алынған жұмыстар мен қызметтердің сомалары, тауарлардың қалдықтары және БКМ чектері жатады.

Алайда, белгіленген нормаларға қарамастан, кейбір салық төлеушілер салық төлеуден жалтарудың әртүрлі әдістеріне жүгінеді. Мұндай әдістердің қатарына шығыстарды бір санаттан екінші санатқа ауыстыру немесе жоқ шығыстарды көрсету жатады.

Осыған байланысты, Департамент салық төлеушілерді салық заңнамасын сақтауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады, өйткені бұл салықтық бақылаудың әртүрлі нысандарына және салықтық тексерулерге әкелуі мүмкін.

Дата публикации
05 августа 2024
Дата обновления
05 августа 2024
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Ақпарат
20 октября 2026
Азаматтар банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы берешегін қалай реттей алады?
Ақпарат
27 августа 2026
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы