Меню

Страницы

Статья

Мұнай беруші бойынша

       

   

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 177-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 11-1 бабына келесідей өзгеріс енгізіліп төмендегі редакциясында жазылған:

      "11-1-бап. Мұнай беруші

      Өзі дербес өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, Қазақстан Республикасының аумағына өзі дербес әкелген (оның ішінде импорттаған) және (немесе) өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін және осындай мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін осы Заңда белгіленген шарттармен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға мұнай беруші болып табылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына дербес әкелінген (оның ішінде импортталған) және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан сатып алынған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған және (немесе) оларды өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды немесе газ конденсатын қайта өңдеу өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушіге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) беретін заңды тұлға да мұнай беруші болып табылады.

      Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай шарттардың кемінде біреуі сақталған кезде:

      мұнай берушіге жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;

      жер қойнауын пайдаланушыға мұнай берушідегі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;

      мұнай берушіні және жер қойнауын пайдаланушыны мұнай берушідегі және жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі тұлға бақыласа, жер қойнауын пайдаланушымен өзара байланысты тұлға мұнай беруші деп танылады.".

 

Дата публикации
31 января 2023
Дата обновления
31 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Ақпарат
20 октября 2026
Азаматтар банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы берешегін қалай реттей алады?
Ақпарат
27 августа 2026
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы