Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссияға 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап 6 ай мерзімге регенерацияланатын қағазды немесе картонды (макулатура мен қалдықтарды) әкетуге уақытша тыйым салуды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4707) қолдану туралы біржақты тәртіппен хабарлағанын хабарлаймыз. Аталған тыйым Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 4 қаулысы негізінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес енгізіледі.