2025 жылдың 2 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

2025 жылдың 2 тоқсанында 102 166 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- электронды түрде  – 100 938 қызмет (99,1%)

- қағаз жүзінде - 1 167  қызмет (0,8%)

-"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ арқылы – 61 (0,1%).

Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:

 - Салық есептілігін қабылдау – барлығы 77 958 (мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 76,3%), соның ішінде:

- электронды түрде – 77 791 қызмет (99,9%);

- қағаз жүзінде – 187 қызмет (0,1%)

Оның ішінде альтернативті түрде – 68 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған саны 1851 қызмет, оның ішінде:

- электронды түрде  – 1851 қызмет (100%),

- қағаз жүзінде - 0 қызмет (0 %).

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қызмет алушылардың мағлұмат алуын көтеру мақсатында 69 семинар, интернет ресурстарға 119 материалдар орналастырылды.

2025 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Көрсетілген есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттырғандар - 18.

2 кв 2025
Дата публикации
24 октября 2025