Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің үшінші елдерден жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

       Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа), 6802230000 - ескерткіштер немесе құрылысқа гранит және олардан жасалған, кесілген немесе жанап кесілген, беті тегіс бұйымдар үшін, 6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

Дата публикации
03 октября 2025