"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодекске өзгерістер мен толықтырулар

         Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қатысушыларға, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне Қазақстан Республикасының «Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік мәселелері және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру бойынша, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 17 шілдедегі № 213-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес  2025 жылғы 29 шілдеден бастап келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды:

         – 12 және 402-баптарға өзгерістер енгізіліп, кеден органдарына кедендік транзит рәсімі аяқталған кезде тауарларды жеткізу орындарында көліктік бақылау жүргізу өкілеттіктері берілді.

Дата публикации
15 августа 2025