Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

  1. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеруді жүргізу кезінде:

      1) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тексерілетін тұлғаның банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын салық төлеушілердің (тексерілетін тұлғалардың) шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысына қатысты құжаттар және мәліметтерді талап етуге және алуға;

      2) мемлекеттік органдардан тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      3) қағаз және электрондық жеткізгіштерде есепке алу құжаттамасын, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті талап етуге және алуға;

      4) салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша салық төлеушіден, оның ішінде оның жұмыскерлерінен жазбаша түсініктемелер талап етуге және алуға;

      5) салықтық тексеруді жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік және шет мемлекеттердің өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;

      6) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік құпияны құрайтын, өз клиенттерінің банктік шоттары туралы мәліметтерді қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйесі деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылатын бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізуді талап етуге құқығы бар.

      Осы тармақшада белгіленген ерекшелік салық органдарының кірістер мен шығыстарға қатысты салықтық тексеруді жүргізу барысында қойылатын талаптарына қолданылмайды;

      7) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті тұрған жеріне қарамастан зерттеп-қарауға, тексерілетін тұлғаның мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;

      8) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодексте айқындалған тәртіппен жанама әдіспен айқындауға құқығы;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

  1. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдары:

      1) тексерілетін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, құқыққа сыйымсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаға зиян келтіруге жол бермеуге;

      2) салықтық тексеруді жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін тұлғаның келісімінсіз олардың мазмұнын жария етпеуге;

      3) қызметтік әдепті сақтауға;

      4) тексерілетін тұлғаға салықтық тексеруді жүргізу кезінде оның құқықтары және міндеттері туралы ақпарат беруге;

      5) салық органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беруге;

      6) салықтық тексеруді жүргізу кезеңінде салық төлеушінің (тексерілетін тұлғаның) белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;

      7) тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің ережелері туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;

      8) салықтық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне нұсқаманы, сондай-ақ өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге;

      9) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

  1. СалықоргандарыныңсалыққатынастарындағықұқықтарыменміндеттеріСК-нің 19-бабыменреттеледі. Салық органыныңлауазымдыадамдарыныңсалықтықтексеружүргізукезіндегіқұқықтарыменміндеттерітүсініктеме берілген баптажекерегламенттеледі.СалықоргандарыныңжәнесалықоргандарыныңлауазымдыадамдарыныңСК-ның көрсетілгенбаптарындакелтірілгенқұқықтарыменміндеттерініңтізбесі толық болыптабылмайды.

Салық органының лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу кезіндегі құқықтарының тізбесі түсініктеме берілген баптың 1-тармағында келтірілген.

ҚР Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның құқықтары деп белгілі бір іс-әрекеттер жасау, басқа адамнан (басқа адамдардан) белгілі бір мінез-құлықты (іс-әрекеттерді немесе іс-әрекеттер жасаудан бас тартуды) талап ету мүмкіндігі түсініледі.

 Ақпарат пен құжаттарды талап ету жөніндегі салық органы лауазымды адамының құқықтарына Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) белгілі бір ақпарат пен құжаттарды ұсыну жөніндегі міндеттері сәйкес келеді.

Салық органы лауазымды тұлғасының талаптары нақты көрсетілуге және тиісті түрде ресімделуге тиіс. Салық органдарының лауазымды адамдарының ақпарат пен құжаттарды талап етуге негіздері болуға тиіс. Талап етілетін ақпарат пен құжаттардың тексеру мәселелеріне және тексерілетін кезеңге қатысы болуы тиіс, бұл тексеру мәселелеріне және тексерілетін кезеңге қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды талап ету мүмкіндігін болдырмайды.

Салық органының лауазымды адамдарының бағдарламалық қамтамасыз етуге және ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге құқығы бар. Салық төлеуші ақпаратты (құжаттаманы) электрондық және қағаз жеткізгіштерде, бірақ тек тексеру нысанасына, зерттелетін мәселелерге, тексерілетін кезеңге қатысты ұсынуға міндетті. Салық органдарының лауазымды адамдарының ҚР Қылмыстық заңнамасымен осы қатынастарды реттеуге байланысты СК-да бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық жүйелерді алып қою құқығы көзделмеген.

Салық органының лауазымды адамдарының салық салу объектісі және/немесе салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруі тағайындалған салықтық тексеру шеңберінде, яғни салық органында ұйғарым болған кезде және куәгерлердің қатысуымен мүмкін болады, бұл СК 71-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының нормасынан туындайды.

Салық салу объектілерін және/немесе салық салуға байланысты объектілерді айқындау құқығын салық органдарының лауазымды адамдары салық төлеуші есепке алу құжаттарын жоғалтқан немесе есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайларда жанама әдіспен іске асыруы мүмкін. Жанама әдістер деп белгілі бір салыққа және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ басқа салық салу объектілерін және/немесе салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын айқындау түсініледі.

Түсініктеме берілген баптың 1-тармағында белгіленген салық органдары лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу кезіндегі құқықтарының тізбесі толық болып табылмайды.

  1. Түсініктеме берілген баптың2-тармағында салық органыныңлауазымдыадамдарыныңсалықтықтексеружүргізукезіндегіміндеттерініңтізбесіқамтылады.

ҚР Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның міндеттері мемлекеттік органның орындауы міндетті іс-әрекеттер шеңбері деп түсініледі. Мемлекеттік орган өзінің лауазымды адамдарының атынан өзіне жүктелген міндеттерден бас тарта алмайды және/немесе орындай алмайды.

Салық органдары лауазымды адамдарының тексерілетін адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, тексерілетін адамға заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздікпен) зиян келтіруге жол бермеу міндеттерін бұзуы мұндай лауазымды адамдар үшін тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылыққа әкеп соғады.

Кәсіпкерлік кодекстің 322-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттері лауазымды адамдардың ҚР заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу ӘҚБтК-нің 175-бабының нормаларына сәйкес салық органының лауазымды адамдарын әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы келтірген зиян ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс, бұл Кәсіпкерлік кодекстің 322-бабы 2-тармағының нормаларында белгіленген.

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жол берген және Кәсіпкерлік кодекстің 156-бабында көзделген тексеру жүргізу тәртібін, оның ішінде салықтық тексеруді өрескел бұзу тексеру нәтижелерін жарамсыз деп тану үшін дербес негіздер болып табылады.

Салық органдарының салықтық тексеру жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, олардың мазмұнын жария етпеу, қызметтік әдепті сақтау, тексерілетін адамды оның құқықтары мен міндеттері туралы хабардар ету, тексеру жүргізу кезінде ұйғарым мен қызметтік куәліктер көрсету міндеттері тексерілетін адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, оның ішінде оның құқығын қамтамасыз ету мақсатында салық органының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға.

Салық органдары салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға міндетті. Салық тексерулерін жүргізу үшін ҰК белгілеген мұндай міндет бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу міндетін белгілейтін Кәсіпкерлік Кодекстің 154-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының нормасымен корреспонденттеледі.

Дата публикации
04 апреля 2025