«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Салық клдексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейі (бұдан әрі - БЕТД) қолданылады.
БЕТД қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР-ның аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төмен деңгейін бекіту туралы Қағида ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 16 қарашада №594-НҚ бұйрығына сәйкес спирт концентрациясы 80%-дан кем этил спирті және спирт концентрациясы 80% немесе одан жоғары этил спирті, коньяк, арақ кіретін БЕТД қолданылатын тауарлардың тізбесі бекітілді.
Анықтама: 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап, БЕТД бидай, күнбағыс майы, жұмыртқа, ашытқы және ұнға да қатысты.