Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 348 бұйрығы негізінде алты ай мерзімге мыналарға сандық шектеулер (квоталар) енгізілген: 85 000 (сексен бес мың) бас 12 айдан асқан бұқашық мөлшерінде тірі ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге; 120 000 (жүз жиырма мың) бас 6 айдан асқан еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге