ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге қатысатын салық төлеушілердің назарына!

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

Жаңартылған2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығының 13 тармағында  бекітілген.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізген.

ЕАЭО –ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкеліп одан әрі сату үшін тауарларға ілеспе жүкқұжат толтырылуы қажет.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ұсынбағаны және Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын мәліметтердің сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.

Салық Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық төлеуші орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды, оның ішінде жанама салықтарды төлеу туралы өтініш беруге міндетті егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей.

 

Дата публикации
11 октября 2024