«Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 278 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондайақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1001) әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілген.