Көлік салығы бойынша жеңілдік қолдана алатын жеке тұлғалар

           Көлік салығы бойынша жеңілдік қолдана алатын жеке тұлғалар

Салық кодексінің 490 бабының 1 тармағына сәйкес егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері - осындай арнаулы салық режимінің әрекеті қолданылатын, қызметте пайдаланылатын төмендегі қажеттілік нормативтері шегіндегі жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша:

бір шаруа немесе фермер қожалығына қозғалтқышының көлемі 2500 текше сантиметрге дейін қоса алғанда бір жеңіл автомобиль бойынша;

бір шаруа немесе фермер қожалығына 1:1 арақатынасты сақтай отырып, қозғалтқышының шекті жиынтық қуаты егіндіктің (шабындықтардың, жайылымдардың) 1000 гектарына 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері бойынша.

Бұл ретте, егер есеп-қисап қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны бөлшекті мәні 0,5-тен бастап және одан жоғары бір бірліктен көп болса, мұндай мән тұтас бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.

Егер есеп-қисап қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен кем болса, қозғалтқышының қуаты барынша аз бір жүк автомобилі босатылуға жатады;

5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

6) меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер -салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

4. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларының ережелері осындай тармақшалардың ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның оларда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына-жатпайтынына қарамастан, салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

Дата публикации
22 августа 2024