Тауық жұмыртқасы импортына уақытша тыйым салуға қатысты

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №136 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды. 

Тыйым салу Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитіне қолданылмайды.

Бұйрық 2024 жылдың 01 мамырында заңды күшіне енді және 2024 жылдың 01 қарашасына дейін қолданылады.

Дата публикации
17 июля 2024