«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 125 бұйрығына сәйкес тек өндіру және тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына теміржол көлігімен әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген.