Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда
№ 10584 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің
08.06.2020 № 579 бұйрығымен.
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына
және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы
министрінің 02.02.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары
бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 08.06.2020 № 579 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (
Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн
ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне
ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің 02.02.2023 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі –
Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына
және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес
сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2. ДСН-кодтар мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге
асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті
алушы) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан
Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына беріледі.
2-тарау. ДСН-кодтарын беру тәртібі
3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға),
сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут
өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (
ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және
Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті
беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық
емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.
4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы осы
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ДСН-кодтарын беруге арналған мұнай өнімін
өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін
көтерме жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодын беруге арналған
өтінімді:
мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға
дейін;
мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты)
жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған "Мұнай өнімдерінің жекелеген
түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің
кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың
тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.
6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті
алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген
қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттама
сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның
қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі
арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік
корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған
құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны
туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда
өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініштің
берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді қызметті берушіге курьерлік және (
немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды. Сонымен
бірге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтінімді
қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық
бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (
көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде
өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс
күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы
Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына
сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Акцизделетін тауарлар мен жекелеген
мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау" ақпараттық
жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) өтінімдерді енгізеді және құжаттарды алған
күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижесін Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің қызмет көрсетудің
жұмыс графигінде белгіленген уақыттан кешіктірмей курьерлік және (немесе) пошта
байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы Мемлекеттік корпорацияға
жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті
өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын
куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (
сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан
кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде
Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір
) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті
алушыға беру үшін жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден мынадай жағдайларда бас
тартады:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодесінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн
жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда ДСН-кодты беруден бас
тарту кезінде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте,
ДСН-кодын беруге арналған өтінімдерді қайтадан береді.
9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік
қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі "Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін
атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне
мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу
қағидаларында айқындалады.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде
көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық
үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және
көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (
әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен
келіспеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында
басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті
органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде
Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы
уәкілетті органға беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін
көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен
шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс
күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау
және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген
күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін
қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әкімшілік (
сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасағаннан кейін сотқа жүгінеді.
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына 1-қосымша
нысан
Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға
дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім
___________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысына _________
___________________
20___ жылғы "__"___________
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Мұнай өнімінің өндіруші ел:
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с №
Мұнай өнімінің түрі (
бензин - 1, дизель отыны
- 2, мазут - 3, авиаотын -
4) (түсетін тізім)
Мұнай өнімінің атауы
Техникалық сипаттама (
Мемлекеттік стандарт,
Техникалық шарттар)
1 2 3 4
1
2
Басшы________________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)
Дербес сәйкестендіру
нөмірлері-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін
өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың
тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің
атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитетінің облыстар,
Астана, Алматы және Шымкент
қалалары бойынша аумақтық
органдары
2
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну
тәсілдері (қол жеткізу арналары)
"Азаматтарға арналған үкімет"
Мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік
корпорация) арқылы жүзеге
асырады
3
Мемлекеттік қызметті көрсету
мерзімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде
4
Мемлекеттік қызметті көрсету
нысаны
Электрондық және (немесе) қағаз
түрінде
5
Мемлекеттік қызметті көрсету
нәтижесі
ДСН-кодын беру немесе
мемлекеттік қызмет көрсетуге
дәлелді бас тарту
6
Мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде көрсетілген қызметті
алушыдан алынатын төлемақы
мөлшерін және Қазақстан
Республикасының заңнамасында
көзделген жағдайларда оны
өндіріп алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және
заңды тұлғаларға тегін негізде
көрсетіледі
7
Көрсетілетін қызметті берушінің,
Мемлекеттік корпорация мен
ақпарат объектілерінің жұмыс
кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші –
Қазақстан Республикасының Еңбе
к кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек
кодексі) және "Қазақстан
Республикасындағы мерекелер
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына (бұдан
әрі – Мерекелер туралы заң)
сәйкес демалыс және мереке
күндерінен басқа, дүйсенбіден
жұмаға дейін, сағат 13.00-ден
14.30-ға дейін түскі үзіліспен,
сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
алдын ала жазылусыз және жедел
қызмет көрсетусіз кезек
тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорация –
дүйсенбіден жұманы қоса алғанда,
ҚР Еңбек кодексіне және
Мерекелер туралы заңына сәйкес
мереке және демалыс күндерінен
басқа, сағат 9.00-ден 18.00-ге
дейін түскі үзіліссіз, Мемлекеттік
корпорацияның халыққа қызмет
көрсету бөлімдерінің кезекшілері
дүйсенбіден бастап жұманы қоса
алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге
дейін және сенбі күні сағат 9.00-
ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек
тәртібімен көрсетілетін қызметті
алушының тіркеу орны бойынша
жеделдетілген қызмет көрсетусіз
жүргізіледі, электрондық кезекті
брондауға болады.
8
Мемлекеттік қызметті көрсету
үшін көрсетілетін қызметті
алушыдан талап етілетін құжаттар
мен мәліметтердің тізбесі
Мұнай өнімін өндірушілерге,
мұнай өнімдерін импорттауды
жүзеге асыратын тұлғаларға
дербес сәйкестендіру
нөмірлері-кодтарын беруге
арналған өтінім
9
Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген
мемлекеттік қызмет көрсетуден
бас тарту үшін негіздер
1) "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің (Салық
кодексі) 88-бабына сәйкес салық
салу объектілерінің және (немесе)
салық салуға байланысты
объектілердің орналасқан жері
бойынша жекелеген қызмет
түрлерін жүзеге асыратын салық
төлеуші ретінде тіркеу есебіне
қойылмау; 2) мұнайөнімі түріне
берілген ДСН-кодтарының болуы.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету,
оның ішінде электрондық нысанда
және Мемлекеттік корпорациясы
арқылы көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар
"Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы"
Қазақстан Республикасының Коде
ксінде белгіленген өзіне өзі
қызмет көрсету, өздігінен қозғалу,
бағдарлау қабілетін немесе
мүмкіндігін толық немесе ішінара
жоғалтқан көрсетілетін қызметті
алушыларға мемлекеттік қызметті
көрсету үшін құжаттарды
қабылдауды 1414, 8 800 080 7777
Бірыңғай байланыс орталығына
жүгіну арқылы тұрғылықты жері
бойынша шыға отырып,
Мемлекеттік корпорацияның
қызметкерлері жүргізеді (
мемлекеттік қызметті мемлекеттік
корпорация арқылы көрсету
кезінде)
Дербес сәйкестендіру
нөмірлері-кодтарын
беру қағидаларына
3-қосымша
нысан
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
Бірінші фасет – мұнай өнімді өндіруші елдердің коды осы дербес сәйкестендіру
нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктің коды осы дербес сәйкестендіру
нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
үшінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға
дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге
және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
төртінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 –
авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе)
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне
беріледі;
бесінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-
ден ∞ реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске
және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір
маркасына беріледі.
Фасеттік кодтау
жүйесінің құрылымына
қосымша
Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің кодтары
Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің атауы
1
Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын
елдер
2 Беларусь Республикасы
3 Қазақстан Республикасы
4 Ресей Федерациясы
5 Қырғыз Республикасы
6 Армения Республикасы
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы
1 2
Ақмола облысы
001 Көкшетау қаласы
002 Ақкөл ауданы
003 Астрахан ауданы
004 Атбасар ауданы
005 Сандықтау ауданы
006 Аршалы ауданы
007 Ерейментау ауданы
008 Егіндікөл ауданы
009 Қорғалжын ауданы
010 Бұланды ауданы
011 Целиноград ауданы
012 Шортанды ауданы
013 Степногор ауданы
014 Жарқайың ауданы
015 Есіл ауданы
016 Жақсы ауданы
017 Зеренді ауданы
018 Бурабай ауданы
019 Еңбекшілдер ауданы*
020 Бурабай АЭА*
Ақтөбе облысы
021 Ақтөбе қаласы*
022 Алға ауданы
023 Байғанин ауданы
024 Әйтеке би ауданы
025 Ырғыз ауданы
026 Қарғалы ауданы
027 Мәртөк ауданы
028 Мұғалжар ауданы
029 Темір ауданы
030 Ойыл ауданы
031 Қобда ауданы
032 Хромтау ауданы
033 Шалқар ауданы
Алматы облысы
034 Талдықорған қаласы*
035 Балқаш ауданы
036 Жамбыл ауданы
037 Іле ауданы
038 Қарасай ауданы
039 Райымбек ауданы
040 Талғар ауданы
041 Ұйғыр ауданы
042 Еңбекшіқазақ ауданы
043 Қапшағай қаласы
044 Ақсу ауданы*
045 Алакөл ауданы*
046 Қаратал ауданы*
047 Кербұлақ ауданы*
048 Көксу ауданы*
049 Панфилов ауданы*
050 Сарқан ауданы*
051 Ескелді ауданы*
052 Текелі қаласы*
Атырау облысы
053 Атырау қаласы
054 Құрманғазы ауданы
055 Индер ауданы
056 Исатай ауданы
057 Қызылқоға ауданы
058 Мақат ауданы
059 Махамбет ауданы
060 Жылыой ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
061 Өскемен қаласы
062 Катонқарағай ауданы
063 Глубоков ауданы
064 Зайсан ауданы
065 Күршім ауданы*
066 Тарбағатай ауданы
067 Ұлан ауданы
068 Шемонаиха ауданы
069 Зырянов ауданы*
070 Риддер қаласы
071 Абай ауданы*
072 Аякөз ауданы*
073 Бесқарағай ауданы*
074 Бородулиха ауданы*
075 Жарма ауданы*
076 Көкпекті ауданы*
077 Курчатов қаласы*
078 Үржар ауданы*
079 Семей қаласы*
Жамбыл облысы
080 Тараз қаласы
081 Жамбыл ауданы
082 Жуалы ауданы
83 Қордай ауданы
084 Тұрар Рысқұлов ауданы
085 Мерке ауданы
086 Мойынқұм ауданы
087 Сарысу ауданы
088 Байзақ ауданы
089 Талас ауданы
090 Шу ауданы
Батыс Қазақстан облысы
091 Орал қаласы
092 Бөрлі ауданы
093 Жәнібек ауданы
094 Жаңақала ауданы
95 Зеленов ауданы*
096 Қазталов ауданы
097 Қаратөбе ауданы
098 Сырым ауданы
099 Тасқала ауданы
100 Теректі ауданы
101 Бөкей ордасы ауданы
102 Ақжайық ауданы
103 Шыңғырлау ауданы
Қарағанды облысы
104 Қарағанды қаласы*
105 Абай ауданы
106 Қарқаралы аданы
107 Нұра ауданы
108 Осакаров ауданы
109 Саран қаласы
110 Теміртау қаласы
111 Бұхар жырау ауданы
112 Шахтинск қаласы
113 Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
114 Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
115 Ақтоғай ауданы
116 Жаңаарқа ауданы*
117 Ұлытау ауданы*
118 Шет ауданы
119 Балқаш қаласы
120 Жезқазған қаласы*
121 Приозерск қаласы
122 Қаражал қаласы*
123 Сатпаев қаласы*
Қызылорда облысы
124 Қызылорда қаласы
125 Арал ауданы
126 Қазалы ауданы
127 Қармақшы ауданы
128 Жалағаш ауданы
129 Сырдария ауданы
130 Шиелі ауданы
131 Жаңақорған ауданы
Қостанай облысы
132 Қостанай қаласы
133 Алтынсарин ауданы
134 Меңдіқара ауданы
135 Жітіқара ауданы
136 Қамысты ауданы
137 Қарасу ауданы
138 Қарабалық ауданы
139 Қостанай ауданы
140 Ұзынкөл ауданы
141 Наурызым ауданы
142 Денисов ауданы
143 Әулиекөл ауданы
144 Таран ауданы
145 Сарыкөл ауданы
146 Федоров ауданы
147 Лисаковск қаласы
148 Рудный қаласы
149 Амангелді ауданы
150 Жангелді ауданы
151 Арқалық қаласы
Маңғыстау облысы
152 Мұнайлы ауданы
153 Бейнеу ауданы
154 Қарақия ауданы
155 Маңғыстау ауданы
156 Түпқараған ауданы
157 Жаңаөзен қаласы
158 Ақтау теңіз порты
Павлодар облысы
159 Павлодар қаласы
160 Ақтоғай ауданы
161 Баянауыл ауданы
162 Железин ауданы
63 Ертіс ауданы
164 Қашыр ауданы*
165 Лебяжі ауданы*
166 Май ауданы
167 Павлодар ауданы
168 Успен ауданы
169 Шарбақты ауданы
170 Ақсу қаласы
171 Екібастұз қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы
172 Қызылжар ауданы
173 М. Жұмабаев ауданы
174 Жамбыл ауданы
175 Есіл ауданы
176 Мамлют ауданы
177 Шал ақын ауданы
178 Аққайың ауданы
179 Тимирязев ауданы
180 Айыртау ауданы
181 Ақжар ауданы
182 Тайынша ауданы
183 Уәлиханов ауданы
184 Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Оңтүстік Қазақстан облысы*
185 Шымкент қаласы
186 Бәйдібек ауданы
187 Оpдабасы ауданы
188 Отыpаp ауданы
189 Қазығұpт ауданы
190 Төлеби ауданы
191 Мақтааpал ауданы
192 Сайрам ауданы
193 Саpыағаш ауданы
194 Созақ ауданы
195 Түлкібас ауданы
196 Шаpдаpа ауданы
197 Аpыс қаласы
18 Кентау қаласы
199 Түpкістан қаласы
200 Әл-Фараби ауданы
201 Абай ауданы
202 Еңбекші ауданы
Алматы қаласы
203 Алматы қаласы
204 Әуезов ауданы
205 Бостандық ауданы
206 Жетісу ауданы
207 Түрксіб ауданы
208 Алмалы ауданы
209 Медеу ауданы
210 Алатауауданы
Астана қаласы*
211 Астана қаласы
212 Алматы ауданы
213 Сарыарқа ауданы
214 Есіл ауданы
215 "Астана-жаңа қала" АЭА
Солтүстік Қазақстан облысы
216 Петропавловск қаласы
Маңғыстау облысы
217 Ақтау қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы*
218 АЭАОңтүстік
219 Қаратау ауданы
Алматы қаласы
220 Наурызбай ауданы
Түркістан облысы
221 Кентау қаласы
222 Түркестан қаласы
223 Бәйдібек ауданы
224 Ордабасы ауданы
225 Мақтаарал ауданы
226 Жетысай ауданы
227 Отырар ауданы
228 Қазығұрт ауданы
229 Төлеби ауданы
230 Сайрам ауданы
231 Сарыағаш ауданы
232 Келес ауданы
233 Созақ ауданы
234 Түлкібас ауданы
235 Шардара ауданы
Шымкент қаласы
236 Шымкент қаласы*
237 Абай ауданы
238 Әл-Фараби ауданы
239 Еңбекші ауданы
240 Оңтүстік
241 Қаратау ауданы
Ақмола облысы
242 Біржан сал ауданы
Алматы облысы
243 Кеген ауданы
Павлодар облысы
244 Тереңкөл ауданы
245 Аққулы ауданы
Астана қаласы*
246 Байқоныр ауданы
Алматы қаласы
247 Ақпараттық технологиялар паркі
Астана қаласы
248 Астана қаласы
249 Алматы ауданы
250 Сарыарқа ауданы
251 Есіл ауданы
252 "Астана-жаңа қала" АЭА
253 Байқоныр ауданы
Ақтөбе облысы
254 Астана ауданы
255 Алматы ауданы
Батыс Қазақстан облысы
256 Бәйтерек ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
257 Алтай ауданы - Алтай қаласы
Қостанай облысы
258 Тобыл қаласы
259 Бейімбет Майлин атындағы аудан
Түркістан обласы
260 Арыс қаласы
261 Сауран ауданы
Акмола обласы
262 Қосшы қаласы
Шығыс Қазақстан облысы
263 Өскемен қаласы
264 Катонқарағай ауданы
265 Глубоков ауданы
266 Зайсан ауданы
267 Күршім ауданы
268 Тарбағатай ауданы
269 Ұлан ауданы
270 Шемонаиха ауданы
271 Алтай ауданы
272 Риддер қаласы
273 Самар ауданы
Абай облысы
274 Ақсуат ауданы
275 Абай ауданы
276 Аякөз ауданы
277 Бесқарағай ауданы
278 Бородулиха ауданы
279 Жарма ауданы
280 Көкпекті ауданы
281 Курчатов қаласы
282 Үржар ауданы
283 Семей қаласы
Алматы облысы
284 Балқаш ауданы
285 Жамбыл ауданы
286 Іле ауданы
287 Қарасай ауданы
288 Райымбек ауданы
289 Талғар ауданы
290 Ұйғыр ауданы
291 Еңбекшіқазақ ауданы
292 Қонаев қаласы
Жетісу облысы
293 Талдықорған қаласы
294 Ақсу ауданы
295 Алакөл ауданы
296 Қаратал ауданы
297 Кербұлақ ауданы
298 Көксу ауданы
299 Панфилов ауданы
300 Сарқан ауданы
301 Ескелді ауданы
302 Текелі қаласы
Қарағанды облысы
303 Қарағанды қаласы
304 Абай ауданы
305 Қарқаралы ауданы
306 Нұра ауданы
307 Осакаров ауданы
308 Саран қаласы
309 Теміртау қаласы
310 Бұхар жырау ауданы
311 Шахтинск қаласы
312 Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
313 Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
314 Ақтоғай ауданы
315 Балқаш қаласы
316 Приозерск қаласы
317 Шет ауданы
Ұлытау облысы
318 Жезқазған қаласы
319 Ұлытау ауданы
320 Қаражал қаласы
321 Сатпаев қаласы
322 Жаңаарқа ауданы
Шымкент қаласы
323 Тұран ауданы
Ескертпе: * салықтық бақылау жүргізу шеңберінде пайдаланады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК