Бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдарымен 42 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2023 жылдың 4 тоқсанында 92 629 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электронды түрде – 92 237 қызмет (99,6%);
- қағаз жүзінде - 392 қызмет (0,4%).
Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:
- Салық есептілігін қабылдау – барлығы 75 264 (мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 81,3%), соның ішінде:
- электронды түрде – 74 925 (99,5%);
- қағаз жүзінде – 339 (0,5%).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қызмет алушылардың мағлұмат алуын көтеру мақсатында 24 семинарлар, интернет ресурстарға 88 материалдар орналастырылды, газет беттеріне 11 мақала берілді.
2023 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Көрсетілген есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттырғандар жоқ.