Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін:тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді (Еуразиялық экономикалық одақтын сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 2701); гагаттан басқа лигнитті немесе, агломерацияланған немесе сгломерацияланбаған қоңыр көмірді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2702) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым «Көмір мен лигнитті әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 59 бұйрығына сәйкес енгізілген тыйым салу 2023 жылдың 26 қарашасынан бастап күшіне енетінін хабарлайды.