Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдарымен 42 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

2023 жылдың 3 тоқсанында 166 076 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- электронды түрде  – 165 764 қызмет (99,8%);

- қағаз жүзінде - 312 қызмет (0,2%).

Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:

 - Салық есептілігін қабылдау – барлығы 144 113 (мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 86,8%), соның ішінде:

- электронды түрде – 143 847 (99,8%);

- қағаз жүзінде – 266 (0,2%).

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қызмет алушылардың мағлұмат алуын көтеру мақсатында 33 семинарлар, интернет ресурстарға 56 материалдар орналастырылды, газет беттеріне 30 мақала берілді.

2023 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Көрсетілген есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттырғандар жоқ.

Дата публикации
13 октября 2023