Бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдарымен 42 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2023 жылдың 2 тоқсанында 119 130 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электронды түрде – 118 849 қызмет (99,8%);
- қағаз жүзінде - 281 қызмет (0,2%).
Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:
- Салық есептілігін қабылдау – барлығы 100 098 (мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 84%), соның ішінде:
- электронды түрде – 99 883 (99,8%);
- қағаз жүзінде – 215 (0,2%).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қызмет алушылардың мағлұмат алуын көтеру мақсатында 42 семинарлар, интернет ресурстарға 66 материалдар орналастырылды, газет беттеріне 32 мақала берілді, радиодан 7 сұхбат берілді, 1 «Дөнгелек үстел».
2023 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Көрсетілген есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттырғандар жоқ.