Ірі қара және ұсақ малдың аналық басын Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейтін «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 224 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 641 бірлескен бұйрығы 2023 жылғы 30 маусымнан бастап күшіне енетінін хабарлайды.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.