«Көмір мен лигнитті әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 312 бұйрығы 2023 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енгенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, бүгінгі күнге Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін: тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 2701); гагаттан басқа лигнитті немесе, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2702) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген.