Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдарымен 42 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

2023 жылдың 1 тоқсанында 363 959 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- электронды түрде  – 362 904 қызмет (99,7%);

- қағаз жүзінде  -  1055 қызмет (0,3%).

Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:

 - Салық есептілігін қабылдау – барлығы 241 458 (мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 63,3%), соның ішінде:

- электронды түрде – 53 683 (99,6%);

- қағаз жүзінде – 964 (0,2%).

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қызмет алушылардың мағлұмат алуын көтеру мақсатында 71 семинарлар, интернет ресурстарға 106 материалдар орналастырылды, газет беттеріне 26 мақала берілді, радиодан 5 сұхбат берілді.

2023 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Көрсетілген есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттырғандар жоқ.

Дата публикации
18 апреля 2023