Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер! Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың аяқталуын ескере отырып, келесі санаттар бойынша:

- 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (әрі қарай - ЕАЭО) тауарларының жекелеген түрлері (астық және дәнді дақылдардың жекелеген түрлері) бойынша экспорты мен импорты кезінде;

- 2023 жылғы 1 сәуірден бастап алкоголь өнімдері, мұнай өнімдері, қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалауға жататын тауарлар бойынша, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде тауарлардың экспорты мен импорты кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттемелер бар екенін хабарлаймыз:

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу күшіне енген кезде бұл құжатты ұсынбағаны және осы құжаттағы мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, атауының сәйкес келмеуі, тауарлар санының (көлемінің) дұрыс көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Толық мәліметті алу үшін тұрақты тіркелген мекен-жайда орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінулеріңізге болады.

 

Дата публикации
03 апреля 2023