2022 жылдың 1 айында Мемлекеттік бюджет кірісінің орындалуы

2022 жылдың 1 айында Мемлекеттік бюджет кірісінің орындалуы

 2022 жылдың 1 айында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 159,0 пайызға орындалып, бюджетке 10,0 млрд. теңге түсті (жоспар 6,3 млрд. теңге),  артығымен орындалған сомасы 3,7 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 120,6% немесе 1,7 млрд.теңгені құрады (2021 жылғы қаңтар нақты – 8,3 млрд. теңге).

Атап айтқанда, республикалық бюджет кірісі бойынша жоспар 102,5 пайызға орындалып, нақты 3,2 млрд. теңге түсті (жоспар 3,1 млрд. теңге), артығымен орындалған сомасы 0,08 млрд теңгені құрады. Өсу қарқыны 130,0% немесе 0,7 млрд.теңгені құрады (2021 жылғы қаңтар нақты – 2,4 млрд. теңге).

Жергілікті бюджет кірістері бойынша жоспар 213,8 пайызға орындалып, нақты 6,8 млрд теңге түсті, (жоспар 3,2 млрд теңге), артығымен орындалған сомасы 3,6 млрд. теңгені құрады. Өсу қарқыны 116,7% немесе 1,0 млрд теңгегені құрады (2021 жылғы қаңтарға нақты – 5,9 млрд теңге).

Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымында салық түсімдері 83,2 пайызды құрайды, бұл бойынша жоспар 136,1 пайызға орындалды, жоспар 6,1 млрд. теңге болса, нақты бюджетке 8,3 млрд. теңге түсті. Өсу қарқыны 121,3% немесе 1,5 млрд.теңгені құрады (2021 жылғы қаңтарға нақты – 6,9 млрд.теңге).

Соның ішінде:

           - республикалық бюджет 102,1% орындалды (жоспар 3,0 млрд. теңге болса, 0,06 млрд. теңгеге артығымен орындалып, нақты 3,1 млрд. теңге түсті). Өсу қарқыны 132,9% немесе 0,8 млрд.теңгеге жоғары болды.

- жергілікті бюджет 168,8%-ға орындалды (жоспар 3,1 млрд. теңге болса, 5,3 млрд. теңге түсіп,  2,1 млрд. теңгеге артығымен орындалды). Өсу қарқыны 115,4% немесе 0,7 млрд.теңгеге жоғары болды.

Қосымша резервтер

Салық және төлемдерді әкімшілендіру кезінде жүргізілген жұмыстары бойынша түскен қосымша резервтер, салықтар мен төлемдерді әкімшілендіру арқылы 01.02.2022 жылғы жағдайы бойынша 0,6 млрд. тг. қосымша түсімдер қамтамасыз етілді, оның ішінде республикалық бюджет – 0,3 млрд. теңгені,  жергілікті бюджет – 0,3  млрд. теңгені құрады.

Дата публикации
20 марта 2023