Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Жамбыл облысы бойынша 2022 жылдың басынан бері барлығы 657 222 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде – 655 461 (99,7%), қағаз түрінде – 1 166 (0,3%), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 595.

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 56 594-ке ұлғайды. (электронды – 59 798), ал қағаз тасығышта 3 258-ге кему).

Ең көп сұранысқа ие электрондық қызметтер:

1) салық есептілігін қабылдау - 353 563, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 53,8% - % құрайды;

2) бюджетпен есеп айырысудың жай – күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме беру-165 872 көрсетілген қызметтердің жалпы санының 25,2% - % құрайды;

3) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну -72 863 немесе 11%.

Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер арасында тұрақты негізде көрсетілетін қызметті алушылардың тең қол жеткізу қағидаттарын сақтау, бюрократия мен әуре-сарсаңның көріну фактілеріне жол бермеу бойынша техникалық оқу жүргізіледі.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тарту, бюрократия мен әуре-сарсаңның көріністері болған жоқ.

Мемлекеттік органдардың атына интернет-ресурстарда жарияланған шағымдарға, теріс пікірлерге жүйелі талдау тұрақты негізде жүргізіледі.

Дата публикации
17 января 2023