Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік кірістер жоспарының орындалуы.

2022 жылдың 12 айы бойынша Мемлекеттік бюджеттің жоспары – 106,4 пайызға орындалды немесе жоспардан артық  - 11,0 млрд. теңге түсіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 38,1 млрд. теңгеге артық түсіп отыр, яғни түсімдердің өсу қарқыны 126,3 пайызды құрады, оның ішінде:

Республикалық бюджеттің жоспары 105,5 пайызға орындалды немесе 3,3 млрд. теңгеге жоспардан артық түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 15,0 млрд. теңгеге артып, өсу қарқыны 131,2 пайызды құрады.

Жергілікті бюджеттің жоспары орындалуы 106,9 пайызға орындалды  немесе 7,8 млрд.теңгеге жоспардан артық түсті  Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 23,1 млрд. теңгеге артты, яғни өсу қарқыны 123,8 пайызға орындалды.

Мемлекеттік бюджетті орындау мақсатында қосымша резервтерді іздеу нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қаржылай 15,2 млрд. теңгеден аса түсім қамтамасыз етілді, оның ішінде Республикалық бюджетке – 9,3 млрд. теңге, Жергілікті бюджетке – 6,0 млрд.теңге қамтамасыз етілді.

Дата публикации
16 января 2023