Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 428 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы аумағынан бұқашықтар мен еркек тоқтыларды әкетуге сандық шектеулер қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 265 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 871 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 430 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1303 бірлескен бұйрығы 2023 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енетінін хабарлайды.
Сонымен қатар жоғарыда аталған бірлескен бұйрыққа енгізілген өзгерістер тек қана аналық бас ірі қара және ұсақ малды әкетуге тыйым салуды қарастырады:
Қазақстан Республикасының аумағынан аналық бас ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және аналық бас ұсақ малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.