Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша түсіндіру

Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша түсіндіру

Жамбыл облысы бойынша МКД облыс халқын хабардар етеді және бір жылдан аспайтын мерзімге кедендік баждарды, салықтарды төлемей, шетелдік жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін уақытша әкелген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары бойынша ҚР кеден заңнамасының нормаларын түсіндіреді.

"ҚР - дағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 347-бабына сәйкес-шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша әкелуіне жол беріледі.

Кодекстің 347-бабында белгіленгеннен өзге жағдайларда жеке пайдалану үшін уақытша әкелінген көлік құралдарын беру фактілері анықталған жағдайда, оларды еркін айналым мақсатында кедендік декларациялауды жүзеге асырғанға дейін мұндай көлік құралдарын кеден органдары Кодекстің 52-тарауына сәйкес 30 күнге ұстайды.

Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары декларанттың нақты иелігінде және пайдалануында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуға тиіс. Мұндай көлік құралдарын өзге тұлғаларға беру жағдайлары Кодекстің 347-бабында айқындалған.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының Грузия, Абхазия, Оңтүстік Осетия және т.б. мемлекеттерде тіркелген, бұрын шетелдік тұлғалар жолаушылар кедендік декларациялары бойынша ЕАЭО аумағында болу және өзге тұлғаларға беру мерзімдері бойынша шектеулермен уақытша әкелген ұқсас Көлік құралдарын заңсыз басқару жағдайлары жиілеп кеткеніне назар аударамыз.

Шетелдік тұлғалардың ЕАЭО мемлекеттерінде тіркелмеген уақытша әкелінген көлік құралдарын заңсыз беру фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан азаматтарына және ЕАЭО жеке тұлғаларына полиция органдары мен мемлекеттік кіріс органдары ұстап алған кезде осы көлік құралын иеленген тұлғаларда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша ортақ жауапкершілік туындайды.

Дата публикации
02 декабря 2022