Тауарларға ілеспе жүкқұжат( ТІЖ) - тауарға ілеспе құжат, оның ішінде салық төлеушіге тауарлардың тиелгенін растайтын құжат.
ТІЖ бойынша нормалар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіле отырып, 2017 жылғы жаңа Салық Кодексімен салық заңнамасына енгізілді.
176-бапқа сәйкес салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде
ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде
ҚР аумағынан тауарларды әкету кезінде
ТІЖ енгізудің алғышарттары Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуына байланысты ЕАЭО елдері алдындағы міндеттемелер, көлеңкелі айналымдардың болуы, Ұлт Жоспарының 39-қадамы, ЕАЭО елдерімен қадағалану тетігі туралы келісімге қол қою болып табылады.
ТІЖ енгізудің мақсаттары::
Тауарларды ДСҰ-ның алып қою тізбесінен ЕАЭО елдеріне әкетуге жол бермеу.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген сәттен бастап оны сатқанға дейін салық салу мақсатында қадағалау.
Көлеңкелі айналымды қысқарту, "жалған импорттың", "жалған транзиттің"жолын кесу.
Жалған мәмілелерді жедел анықтау және ТБЖ негізінде ден қою.
ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар :
ДСҰ-ның алып қою тізбесіндегі тауарлар (СЭҚ ТН 3,7 мың коды)
(ЕЭК Кеңесінің 14.10.2015 жылғы № 59 шешімі)
Алкоголь өнімі (СЭҚ ТН 327 коды)
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері (СЭҚ ТН 30 коды)
ЭШФ ӘК модулінде жазып берілетін тауарлар (СЭҚ ТН 393 коды) (ҚР ҚМ 23.04.2019 ж. 384 бұйрығы)
ЕАЭО аумағынан ҚР аумағына әкелінетін тауарлар
ҚР аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына шығарылатын тауарлар.
ТІЖ енгізу перспективалары:
импортталған тауарларға ҚҚС түсуінің толықтығын қамтамасыз ету;
импортқа қатысы жоқ тұлғалардың атына тауарларды әкелу фактілерін алып тастау;
тауарларды өткізу туралы онлайн мәліметтер алу және өзара сауданың өзекті статистикасын жүргізу;
әкімшілендіру шеңберінде бизнес-процестерді автоматтандыру ;
"сұр" импортты төмендету есебінен тең бәсекелестік жағдайлар жасау;
тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету;
бүркемелеу тауарларын анықтау мүмкіндігі
ТІЖ бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсаттары
Айыппұл санкцияларын қолданбай ТІЖ ресімдеуге кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету.
NP есептік жүйелерін орнату
Өзара іс – қимыл шеңберінде бизнес-процестерді жолға қою.
Салық төлеушілерден кері байланыс алу.
ЭШФ АЖ функционалын жетілдіру.