Дөңгелек үстелге қатысушыларға арналған кіріспе сөзбен «Тараз-КРО» кеден бекетінің басшысы А.Ізбасаров дөңгелек үстелді ашты. Өз сөзінде кеден бекетінің басшысы қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, Қазақстан және Кеден одағының басқа да мемлекеттерінің нарықтарында Құқық иеленушілердің тауарлық белгілерімен және басқа да интеллектуалдық құқық нысандарымен белгіленген жасанды өнімдердің қолданысқа тусуін болдырмау және алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылардан көзделген сұрақтарды талқылауда белсенді түрде атсалысуларын сұранды.
Өз кезегінде сөз алған APPLE INC., BEATS ELECTRONICS LLC компаниясының сенімді өкілі Конуспаев Б. келесі бағыттар бойынша презентация жасады:
- APPLE брендін қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі жағдайларына шолу;
- оригинал өнімдердің ерекше белгілерімен және методикалық нұсқамалармен таныстыру.
Осы презентациядан соң интеллектуалдық меншік нысандары және Құқық иеленушілердің сенімді өкілдерінің кеден органдарымен өзара іс-әрекеттерінің негізгі сұрақтары талқыланып, дөңгелек үстелге қатысушылардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, қажетті жазбалар жасалды.
Қойылған сұрақтар мен анықталған мәселелер бойынша кеден бекеті қызметкерлерімен тиісінше жауаптар мен түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, Құқық иеленушілердің сенімді өкілдеріне «Тараз-КРО» кеден бекетінде ақпараттық – кеңестік пункті жұмыс істейтіндігі және сол орында кеден саласына қатысты сұрақтарға жазбаша және ауызша түрде нақты, сапалы жауаптар алуына болатыны айтылды.
Жиынның соңында «Тараз-КРО» кеден бекетінің басшысы А. Ізбасаров қатысушыларға көзделген сұрақтарды талқылауда белсенді түрде атсалысып, қатысқандары үшін алғысын айтып, кеңесті аяқтады.