Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарын хабардар етеді және бір жылдан аспайтын мерзімге кедендік баждарды, салықтарды төлемей шетелдік жеке тұлғалардың уақытша әкелінген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының нормаларын түсіндіреді.
Ұғымдар:
- шетелдік тұлға – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға – яғни, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения) азаматтарын қоспағанда, барлық азаматтар (жеке тұлғалар);
- ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары – яғни, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения мемлекеттерінен басқа, шет мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған барлық көлік құралдары.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 347-бабына сәйкес – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша бір жылдан көп емес мерзімге әкелуіне жол беріледі.
Кодекстің 347-бабында белгіленгеннен басқа жағдайларда уақытша әкелінген көлік құралдарын жеке пайдалануға беру фактілері анықталған жағдайда, оларды еркін айналым мақсатында кедендік декларациялағанға дейін мұндай көлік құралдарын кеден органдары Кодекстің 52-тарауына сәйкес 30 күн ішінде ұстайды.
Жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың нақты иелігінде және пайдалануында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы тиіс. Мұндай көлік құралдарын басқа тұлғаларға беру жағдайлары Кодекстің 347-бабында айқындалған.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының Грузия, Абхазия, Оңтүстік Осетия және тағы басқа мемлекеттерінде тіркелген осындай көлік құралдарын заңсыз жүргізу фактілері жиілеп кеткеніне назар аударамыз, бұл көліктерді бұрын шетел азаматтары Жолаушылар кедендік декларациясы бойынша уақытша әкелінген, ЕАЭО аумағында болу мерзіміне және басқа тұлғаларға беру шектеу қойылған міндеттемелері бар.
Шетелдік тұлғалардың Қазақстан азаматтарына және ЕАЭО жеке тұлғаларына ЕАЭО мемлекеттерінде тіркелмеген уақытша әкелінген көлік құралдарын заңсыз беру фактілері анықталған жағдайда, осы көлік құралдын облыстың Полиция мен мемлекеттік кірістер органдардың тарапынан ұстаған кезде болған иелігіндегі тұлғаларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу үшін ортақ жауапкершілікте болатындығын ескертеміз.