Алкоголь өніміне акциз ставкасын қолдану бойынша келесіні хабарлайды.
«Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің 22 тобына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 2205 кодына «Вермут және өсімдік немесе хош иісті заттар қосылған басқа да табиғи жүзім шараптары» позициясының атауы, ал ЕАЭО СЭҚ ТН 2206 00 кодына - «Басқа ашытылған сусындар (мысалы, сидр, алмұрт сидрі, бал сусыны, сакэ); басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалары және ашытылған сусындар мен алкогольсіз сусындардың қоспалары» жатады.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
5-тармағына сәйкес толысылған шараптан (шарап материалдарынан) өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi пайыздан аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.
Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 7-жолына сәйкес алкоголь өніміне (коньяк, бренди, шарап, толысылған шарап, сыра қайнату өнімдерінен басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша 2205, 2206 00 және 2208-ден) 2550 теңге/литр мөлшерінде 100 % спирт акциз мөлшерлемесі айқындалған.
Салық кодексінің 464-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес акцизделетін тауарларды өткізу акциз салу объектісі болып табылады.
Бұл ретте акцизделетін тауарларды алушыға тиеп-жөнелту (беру) күні барлық жағдайларда операция жасалған күн болып табылады (Салық кодексінің 465-бабының 1-тармағы).
Осылайша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімін ЕАЭО СЭҚ ТН 2205, 2206 коды бойынша өткізу кезінде 100% спирттің 2550 теңге/литр мөлшерінде 100 % спирт акциз мөлшерлемесі жатады.
Сонымен бірге, акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарлар импорты күніне қолданыста болатын акциз ставкасы қолданылады (Салық кодексінің 479-бабының 2-тармағы).