Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар (ЖК және ЗТ) облыс бойынша 87 633 салық төлеушілер тіркелді, оның ішінде объективті себептер бойынша ауыстыруға жатпайтын, қызметін уақытша тоқтата тұру, телекоммуникация желісінің болмауы, салық төлеушілер қолма-қолсыз есеп айырысу, ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырмайтын 46 543 СТ-ні құрайды.
Барлығы 41 090 салық төлеушілер бұл БКМ қолдануға міндетті салық төлеушілер, оның ішінде 39 146 онлайн кассалық аппаратты құрайды, немесе 95,3%.
Тараз қаласы мен Жамбыл облысының аудандарындағы сауда үйлері мен бөлшек сауда орындарындағы мемлекеттік кірістер органдары сауда-саттық операцияларында немесе көрсетілетін қызметтерде онлайн-кассалық машиналарды қолдану мәселесі бойынша саудагерлер арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.