Құрметті салық төлеушілер!

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша ақпаратты жеткізеді, яғни оларды ТІЖ деп атайды.

Тауарларға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) – бұл тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған құжат. Салық кодексінде белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат.

ТІЖ енгізудің алғышарттарына тоқталғым келеді:

- Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуына байланысты ЕАЭО елдері алдындағы міндеттеме.

- Көлеңкелі айналымдардың болуы.

- Ұлт Жоспарының 39-қадамы, онда кеден және салық жүйесінің интеграциясы туралы айтылған.

- ЕАЭО елдерімен тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге қол қою.

Біз қандай мақсаттарға ұмтыламыз:

- Тауарларды ДСҰ-ның алып қою тізбесінен ЕАЭО елдеріне әкетуге жол бермеу.

- Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген сәттен бастап оны сатуға дейін салық салу мақсатында бақылау.

- Көлеңкелі айналымды қысқарту, "жалған импорттың", "жалған транзиттің"жолын кесу. ТІЖ көмегімен жалған импорт/экспорт фактілері нөлге дейін азаяды. ТІЖ ЕАЭО шеңберінде тауарларды өткізу кезінде ҚР резиденті болып табылатын тауарларды алушының/жеткізушінің өзі ресімдейді. Жойылған кәсіпорындардың, қайтыс болған адамдардың атына немесе тыйым салынған тауарлар бойынша ТІЖ жазып беру мүмкін болмайды.

- Жалған мәмілелерді жедел анықтау және тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде әрекет ету.

ТІЖ ресімдеу бойынша талап Салық кодексінің 176-бабында белгіленген, норма 2017 жылы 01.01.2020 жылдан бастап енгізу мерзімімен қабылданды. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында ТІЖ бойынша пилоттық жоба жұмыс істейді. Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.

ТІЖ енгізілуіне байланысты өткізу пункттерінен өту процесі оңайлатылатын болады, өйткені мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде тасымалдаушыға Мемлекеттік кірістер органының қызметкеріне ТІЖ тіркеу нөмірін (кесіп өту басталғанға дейін ЭШФ АЖ-да ресімделеді) немесе тауарды алушының БСН/ССН-ін атау жеткілікті болады.

Айта кету керек, пилоттық жоба кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды!

Пилоттық жоба басталған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде дөңгелек үстелдер, салық төлеушілермен кездесулер, онлайн семинарлар, ZOOM, Instagram арқылы вебинарлар, Фейсбук әлеуметтік желілерінде ақпараттық хабарламалар тарату, БАҚ-та Жарияланымдар түрінде ТІЖ енгізу бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Барлық автомобиль өткізу пункттерінде ақпараттық стендтерде ТІЖ бойынша пилоттық жобаны енгізу жөніндегі материалдар орналастырылған, сондай-ақ ТІЖ бойынша баннерлер бар.

Апта сайын бейсенбі күндері салық төлеушілермен ZOOM конференция арқылы "ТІЖ бойынша сұрақ-жауап" тақырыбы бойынша түсіндіру семинарлары өткізіледі.

Дата публикации
11 ноября 2021