Мемлекеттік қызметтер. 01.01.2021 жылдан бастап оңтайландыру

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға қатысты негізгі өзгерістер туралы хабарлайды.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай қызметтерді көрсету мерзімдері қысқартылды:

- салықтық өтініш бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу -салықтық өтініш берілген күннен бастап 1 жұмыс күніне дейін;

- салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру - бір жұмыс күніне дейін;

- әділет органдарының сұрау салуы бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер - үш жұмыс күніне дейін;

- салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды/қайтаруды жүргізу - 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

– Қазақстан Республикасының резиденттігін растау-3 жұмыс күніне дейін.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 76-бабы шеңберінде жеке тұлғаларды - бейрезиденттерді, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші ретінде тіркеу функциясы алып тасталды.

Бұл шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:

- Қазақстан Республикасындағы (бұдан әрі-ҚР) көздерден кіріс алатын,

- Салық кодексінің 217-бабына сәйкес ҚР резиденті деп танылғандар,

- ҚР мүлікті сатып алушылар,

- Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып табылатын тұлғалар жатады.

Резидент емес жеке тұлғалар, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ЖСН беру, тіркеу деректерін өзгерту, СТН-ді алып тастау үшін тіркеуші органдарға (көші-қон полициясы, «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) өтініш беруі қажет.

 

Бейрезидентті Салық кодексінің 76-бабы шеңберінде салық төлеуші ретінде тіркеуді мемлекеттік кіріс органдары бейрезидент заңды тұлғалар үшін ғана жүзеге асыратын болады. МКК http://kgd.gov.kz web-порталы арқылы заңды тұлғалардың резидент еместерін тіркеуге өтініш беру сервисі іске асырылды.

 

 

Дата публикации
25 октября 2021