«e-Salyq Business» қосымшасын пайдалану бойынша

     ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 тамыздағы №828 бұйрығына сәйкес, жекелеген арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілген.

         Аталған пилоттық жоба салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын жеңілдету мақсатында әзірленген.

         Мобильді қосымша, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою, тіркеу есебінен шығару, салық режимін таңдау және ауыстыру, деректері дара кәсіпкердің мобильді қосымшасына енгізілген дара кәсіпкер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар төлейтін дара кәсіпкердің және жеке тұлғалардың қызметкерлерін есепке алу, қосымша чектерін қалыптастыру, жою, жөнелту, аванстық төлемге (алдағы табыстарға) қосымша чегін беру, алдыңғы кезеңдер үшін осындай деп танылған табыстарды төлеу есебінен ақша қаражатын алу кезінде чектерді беру, қосымша чектер бойынша табысты есепке алу сияқты функцияларды атқарады.

         Бүгінгі таңға аталған қосымшаны облыс аумағында 1 000-нан астам жеке кәсіпкерлік субъектілері пайдалануда.

Дата публикации
22 октября 2021