Тасымалдаушы SNT туралы не білуі керек
Қазақстан Республикасының аумағында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО елдерінің аумағынан тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО елдерінің аумағына тауарларды әкету кезінде ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба енгізілді.
Қазақстан Республикасына Импорт
ЕАЭО елдерінің аумағынан тауарлар импорты кезінде алушы мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін ТІЖ ресімдеуі қажет. Ресімделген ТІЖ болған жағдайда, тауар-ілеспе құжаттарды сканерлеу қажеттілігі болмайды.
Қазақстан Республикасынан Экспорт
ЕАЭО елдерінің аумағынан тауарлар экспорты кезінде өнім беруші мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін ТІЖ ресімдеуі қажет. Ресімделген ТІЖ болған жағдайда, тауар-ілеспе құжаттарды сканерлеу қажеттілігі болмайды.
Қазақстан Республикасы арқылы Транзит
Пилоттық жобаның күші ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік орын ауыстыруға қолданылмайды.
Назар аударыңыз!!! ТІЖ "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде белгіленген нысанға сәйкес алушы/өнім беруші (әкету/әкелу кезінде) ресімдейді және электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
ТІЖ ресімдеу және техникалық мәселелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз келесі электронды мекен-жайға хабарласа аласыз: esfsd@mgd.kz
Telegram арнасы @snt_import_export
ҚР ҚМ МКК байланыс орталығы 1414
+7 701 707 14 11