Сыртқы сауда айналымы (ССА) Жамбыл облысы бойынша МКД 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы ССА – 652,1 млн. $ (2020 жылы -805,8 млн. $), жалпы салмағы 659 394 тоннаны құрады (2020 жылы – 522 044 млн. тонна). Оның ішінде:
Экспорт- 549,9 млн. $ (2020 жылы – 738,1 млн. $), салмағы – 441 841 тонна (2020 жылы – 415 723 тонна). 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы экспорт көлемінің 188,2 млн. $ төмендеді.
Экспорт көлемінің төмендеуі «Казатомпром» АҚ 2020 жылы уран рудасының концентратын 291,4 млн. АҚШ долларына, ал 2021 жылы 148,3 млн. АҚШ долларына экспорттауына байланысты.
Импорт – 102,1 млн. $ (2020 жылы – 67,7 млн. $), салмағы– 217 552 тонна (2020 жылы – 106 320 тонна). 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы импорт көлемі 34,4 млн. $ көбейгені көрінеді.
Жалпы ССА 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 153,7 млн. $ төмендегені байқалады.
Экспорт бойынша алдыңғы қатарлы елдер:
- Қытай – 31,7 % (химиялық өндіріс өнімдері, уран рудасы, текстиль бұйымдары, өндірістік тауарлар);
- Канада – 15,4 % (химиялық өндіріс өнімдері, тыңайтқыштар);
- Өзбекстан – 5,3 % (халық тұтынатын тауарлар);
- Франция – 5,9% (химиялық өндіріс өнімдері, уран рудасы, текстиль бұйымдары, өндірістік тауарлар);
- АҚШ – 4,1% (химиялық өндіріс өнімдері, уран рудасы);
- Индия – 3,8 % (химиялық өндіріс өнімдері).
Импорт бойынша алдыңғы қатарлы елдер:
- Бразилия – 23,3 % (трасник қант шикізаты);
- Мексика – 12,5 % (трасник қант шикізаты);
- Біріккен корольдік – 13,1% (жел генераторлары, цифрлы рентген);
- Үндістан – 9,2% (ваккумдық фильтр);
-Қытай – 8,9% (химиялық өндіріс өнімдері, текстиль бұйымдары, өндірістік тауарлар ХТТ);
- Германия – 7,8 % (автоколік прицепі, бөлектер);
- Корея – 6,2 % (жеңіл автокөліктер мен бөлшектер).