"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Салық кодексі) 6-тарауында Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге салып және (немесе) банк кепілдігімен жүзеге асырылатын салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту мүмкіндігі көзделген.
Салық кодексінің 49 - бабына сәйкес-салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп осы Кодексте белгіленген оларды төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салық берешегін өтеу мерзімдерін ұзарту танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.
Салық кодексінің 50 - бабына сәйкес - республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы қабылдайды.
Жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешімді олар төленетін жердегі салық органы қабылдайды.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 50 - бабына сәйкес - салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, осы бапта көзделген негіздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту бір немесе бірнеше салық және (немесе) төлемақы бойынша берілуі мүмкін.
Осыған байланысты, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің аясында салықтарды төлеу мерзімін кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.
Мерзімін кейінге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды ұсыну бойынша мәселелер туындаған кезде салық төлеушінің орналасқан жері бойынша немесе салықтарды төлеу орны бойынша тиісті мемлекеттік кірістер басқармаларға жүгінуді сұраймыз, онда кейінге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзарту үшін қажетті құжаттарды дайындауда қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетіледі.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің zhmb.kgd.gov.kz/ru сайтында аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының байланыс телефон нөмірлері көрсетілген.