Кредиторлар талаптарының тізілімін орналастыру туралы ақпарат

ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» заңының 72 бабына сәйкес уақытша әкімші оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру үшін жібереді.

      Кредиторлардың талаптарын қабылдауды уақытша әкімші борышкердің орналасқан жері бойынша не әкімші ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада өзі көрсеткен әкімшінің тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

         Жамбыл облысы бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің интернет-ресурсінде 2021 жылы жалпы соммасы 3 864,5 млн.теңгені құрайтын оңалту рәсімінде өтіп жатқан 4 борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімі енгізілген: «Құрылыс ТЭД» ЖШС - 2506,1 млн. теңге, «АНК Энерго» ЖШС - 461,4 млн.теңге, «Альяда Group» ЖШС - 895,2 млн.теңге, «Ақпейнет» - 1,8 млн.теңге.

         ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» заңының  92 бабына сәйкес уақытша басқарушы қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға кредиторлар талаптарының тізілімі қалыптастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберуге міндетті.

      Уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

Жамбыл облысы бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің интернет-ресурсінде 2021 жылы жалпы соммасы 39 834,08 млн.теңгені құрайтын банкроттық рәсімінде өтіп жатқан 35 борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімі жарияланған:  «Астык комплект» ЖШС - 0,4 млн.теңге, «ЕРАС Құрылыс» ЖШС - 0,1 млн. теңге, «Таразгаз» ЖШС - 0,5 млн.теңге; «Тараз-Коб-Service» ЖШС - 0,2 млн.теңге, «Эллин Строй ЖШС – 0,7 млн.теңге, «Тау-Дос ЖШС – 18,4 млн.теңге, «Каз ТрансКарго ЖШС – 0,3 млн.теңге, «ZS Group» ЖШС - 240,3 млн. теңге, «Ботян Сервис» ЖШС - 0,3 млн.теңге, «Бахтыбекова В.Р» ЖК  – 187,5 млн.теңге,  «Алкопищепром» ЖШС – 23 258,8 млн.теңге, «ACIG» АҚ – 924,3 млн.теңге,  «Корпорация РНК Тараз» ЖШС – 0,5 млн.теңге,  «Астана транзит» ЖШС -  3,6 млн.теңге, «Компания ЮТС» ЖШС – 26,0 млн.теңге, «ТарПа» ЖШС – 0,01 млн.теңге, «Каскад ШУ» ЖШС – 17,5 млн.теңге, «Азия-Технохолод» ЖШС – 30,5 млн.теңге, «Компания Нурбах» ЖШС – 5,0 млн.теңге, «Abitai» ЖШС– 2,2 млн.теңге, «Фрайзер Строй Проект» – 82,0 млн.теңге, «Корпорация Азия Құрлыс» – 500,3 млн.теңге, «Микрокредитная организация Хризолит» – 0,04 млн.теңге, «BAC TASS Motors» – 0,8 млн.теңге, «Монтажник и К» ЖШС – 0,01 млн.теңге, «ExclusiveExprtInvest» ЖШС – 0,05 млн.теңге, «ТИТ Груп» ЖШС – 0,8 млн.теңге, «ЮгЦементСтрой» ЖШС - 14 485,7 млн.теңге, «Середин Г.Н." "RTS-Lad» – 8,9 млн.теңге, «Нұр-Ақсай» ЖШС - 0,01 млн.теңге, «Хазар» ЖШС - 0,06 млн.теңге, «Қызыл Адыр» – 13,4 млн.теңге, «Сатурн Lux» – 23,8 млн.теңге, «2030-Нұржан Құрлыс Әлемі» – 1,1 млн.теңге.   

Жоғарыда көрсетілген кредиторлар талаптарының тізілімдері Жамбыл облысы бойынша мемелекеттік кірістер департаментімен тиісті мерзімінде уәкілетті органның интернет-ресурсінде орналастырылған.

Дата публикации
22 сентября 2021