ТІЖ Пилоттық жобаның мерзімдерін ұзарту туралы

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.

  1. ТІЖ пилоттық жобасын аяқтауға қатысты

ТІЖ міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастарынан келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде Импорт/Экспорт және Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

  1. Жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігіне қатысты (ҚР ӘҚБтК 283-1 бабы)

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 176-бабына сәйкес ТІЖ бойынша ресімдеу тәртібі мен құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді. Тәртіп Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

Бұл ретте, көрсетілген НҚА жеке тұлғалардың ТІЖ ресімдеу, сондай-ақ растау бойынша міндеттемелері көзделмеген, тиісінше мұндай тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

Дата публикации
21 сентября 2021