ҚР ҚМ 11.11.2025 ж. № 690 БҰЙРЫҒЫ "ЕАЭО-дан жеке тұлғалар әкелетін тауарларды кәсіпкерлікке жатқызу өлшемшарттары туралы"

 

 

Егер күнтізбелік жыл ішінде импортталған  тауарлардың жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен (360 АЕК = 1 557 000 теңге) асып кетсе және импортталған тауарлар рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, тауарларды импорттау кәсіпкерлік мақсаттарда жүзеге асырылған болып табылады:


• Ұялы телефондар - 2 данадан артық
• Планшеттер, ноутбуктер, ДК - 2 данадан артық
• Зергерлік бұйымдар - 5 данадан артық
• Табиғи теріден жасалған бұйымдар - 1 данадан артық
• Велосипедтер - 1 данадан артық
• Балалар арбалары - 2 данадан артық
• Көлік құралдары - 1 данадан артық

Өлшемшарттардан асып кеткен жағдайда: ЖК немесе ЖШС тіркеу, "Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш" тапсыру,  ҚҚС - 16% және қажет болған жағдайда акциз төлеу




Дата публикации
02 сентября 2026