Салық төлеушілердің назарына!

Қазақстан Республикасынан мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салу туралы

🔹 Негізі:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175-н/қ бұйрығының 2 пункті.

🔹 Тыйым салу мерзімі:

2026 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін (6 ай).

🔹 Не тыйым салынады?

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге мынадай мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынады:

жеңіл дистилляттар;

авиациялық керосин;

дизель отыны;

газойльдер;

толуол;

ксилол;

мұнай битумы.

🔹 Тыйым салудың мақсаты:

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау және сауда қызметін реттеу.

 

Дата публикации
01 июля 2026