Құрметті салық төлеушілер мен тасымалдаушылар!
Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын арттыру және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында салық заңнамасын жетілдіру жалғасуда. Салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 161-бабының 2-тармағына тақырыптық тексерулер жүргізу процесіне нақты құқықтық айқындық енгізетін толықтырулар енгізілді.
Енді тақырыптық тексеру жүргізу процесі (тиеу, түсіру, сақтау) тасымалдаушының өзімен толық бақыланады. Бұл сіз үшін неге ыңғайлы? Ашықтық пен сақталу: Сіз процесті өзіңіз ұйымдастырасыз және жүгіңіздің сақталуын толық бақылайсыз. Процесті тасымалдаушының өзі ұйымдастыратындықтан, бұл тақырыптық тексеру жүргізуді созбауға және коммерциялық қызметті артық кідіріссіз жалғастыруға мүмкіндік береді.
Салық төлеушілер мен тасымалдаушылар үшін ілеспе шығыстарды өтеу бойынша жауапкершілікті бекіту процедураны жүйелеп қана қоймай, сонымен қатар бизнес тиеу-түсіру жұмыстары процесінде өз мүлкінің сақталуына толық бақылау алатын максималды ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл норма жанжалды жағдайларды азайтуға және өкілеттіктерді нақты ажырату мен өзара сенімге негізделген салықтық бақылауды жедел және кәсіби жүргізу үшін жағдай жасауға бағытталған.