Салық төлеушілердің назарына!

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 769 қаулысы «Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» қабылданғандығын хабарлайды. Сондай-ақ, домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған, экспортына айрықша құқық берілген болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің тізбесі:
Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған, экспортына айрықша құқықберілген болат дайындамалардың жекелеген түрлері
1 Құймалардағы немесе өзге де бастапқы
нысандардағы темір және легирленбеген
болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа) 7206

2 Темiрден немесе легирленбеген болаттан
жасалған жартылай фабрикаттар 7207
3 Құймалардағы немесе өзге бастапқы
нысандардағы коррозияға төзімді болат,
коррозияға төзiмдi болаттан жасалған
жартылай фабрикаттар 7218
4 Құймалардағы немесе басқа бастапқы
нысандардағы легирленген болаттардың басқа
түрлері, легирленген болаттардың басқа
түрлерінен жартылай фабрикаттар 7224

Айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі
1. «Qarmet» акционерлік қоғамы.

Дата публикации
24 апреля 2026