
Қазіргі уақытта, әлемнің барлық елдері, оның ішінде Қазақстан дағдарыстан шығу жолдарын іздестірумен айналысатын кезде - қаржы жүйесін тұрақтандыру, елдің экономикасы ғана емес, бүкіл әлемдік экономика қаржы дағдарысына ұшыраған кезде халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, оңалту рәсімі арқылы оны сауықтыру туралы мәселе әлі де өзекті болып отыр.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық» заңына сәйкес кәсіпорындарда банкроттық (тарату) рәсімінен басқа дәрменсіз (төлемге қабілетсіз) кәсіпорындарға қатысты оңалту рәсімі қарастырылған.
Заңда төлем қабілеттігін қалпына келтіру және борышкердің мүлігін сақтап қалуға бағытталған, аталған рәсім толығымен жазылған. Сот рәсімінің бірі болып табылатын, оңалту рәсімі олардың ішінде ерекше орын алады. Бұл бірінші кезекте рәсімнің өзінің ерекшеліктерінен, оның мақсаттары мен енгізу салдарынан туындайды. Бейнелі сипаттама берсек, оңалту рәсімі кәсіпорындардың дағдарысты жеңудің соңғы мүмкіндігі деп атауға болады. Олай болмаған жағдайда, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін болмаса сот борышкерді банкрот деп жариялайды және банкроттық рәсімі жүргізіледі.
Заңға сәйкес, оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады.
Қарызы шамалы аз, ең бастапқы сатыда, қаржылық дәрменсіздік әлі қайтымсыз болған кезде оңалту рәсімі жеткілікті тиімді болады. Ол кәсіпорынға бизнесті реанимациялауға, өндірісті реформалауға және қайта құрылымдауға қосымша мүмкіндіктер береды.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, борышкер және кредитор (салықтық және кедендік төлемдер бойынша кредиторды қоспағанда) уақытша төлем қабілетсіздігі кезінде және берешек болған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Оңалту рәсімі міндетті түрде болып табылмайды, сондықтан оны енгізу туралы кредиторлар жиналысының шешімі қажет. Бұл шешім оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін ғана емес, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндігіне негізделуі керек.
Оңалту рәсімін қолдану ерекшелігі, ол енгізілген сәттен бастап берешектің барлық түрлері бойынша, оның ішінде банктік қарыздар мен салықтар бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) есептеу тоқтатылады. Яғни, кәсіпорынның барлық қарызы бекітілген жоспарға сәйкес кәсіпорын үшін де, кредиторлардың өздері үшін де қолайлы кесте бойынша оңалту рәсімінің шеңберінде және мерзімінде өтелетін болады.
Банкроттықтың зерттелетін сатысындағы барлық іс-шаралардың ұйымдастырушылық-экономикалық бірлігін қамтамасыз ететін негізгі құжат кәсіпорынның оңалту жоспары болып табылады. Бұл құжаттың ерекшелігі, өзінің мәні бойынша кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жобасының бизнес-жоспары бола отырып, ол заң талаптарына сәйкес келуі және кредиторлар жиналысында бекітілуі тиіс.
Белгілі болғандай оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін компанияны басқару құқығы оңалту басқарушысына беріледі. Алайда ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтау меншік иесіне көзделген, яғни оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген оңалтуды басқарушының өкілеттігі мен жауапкершілігі қолданылатын дәрменсіз борышкердің басшысы немесе құрылтайшылары (қатысушылары).
Осылайша, құрметті кәсіпкерлер бүгін сіздің кәсіпорныңызда кредиторлық берешекті төлеу бойынша күрделі жағдай орын алса, сіз өз құқықтарыңызды оңалту рәсімі арқылы іске асыра отырып, өзіңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыз.
мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді;
2) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) күнтізбелік айдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын ( 4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге) жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – ҚР азаматтары, қандастар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып танылады.
Салық салу объектісі қызметтен түскен табыс болып табылады. Есепке алу қарапайым нысанда жүргізілетін, байланыс жоқ жерлерде жұмыс істеу жағдайларын қоспағанда, кірістерді есепке алу тізілімде арнайы мобильдік қосымша арқылы жүргізіледі. Салық кезеңі – күнтізбелік ай. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын тұлғалар табыс салығын төлеуден толық босатылды (ЖТС мөлшерлемесі 0%). Мұндай тұлғалар үшін жалғыз міндеттеме табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу болып табылады (МЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА және МӘМС 1%), бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Интернет-платформаларды пайдаланатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Салық кодексінің 721-бабының ережелерін ескеруі керек.
Үкіметтің 21.11.2025 жылғы №994 қаулысына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары қолдануға құқылы:
1) күнтізбелік жылдағы шекті табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын (4325*600 000= 2 595 000 000 теңге);
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:
- басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
- құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;
- құрылтайшысы немесе қатысушысы арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;
- арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер);
- коммерциялық емес ұйымдар;
- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары, "Астана Хаб" ;
- бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер;
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. (Бұл ретте жергілікті мәслихаттар әрбір өңір бойынша орташа есеппен 3-тен 2 пайызға дейінгі мөлшерлемелерді төмендету жөніндегі шешімдерді бекіткенін ескеру қажет).
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.
ҚР жаңа Салық кодексінің 722-бабының 3-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде 910.00 нысаны бұрынғысынша пайдаланылады, ол жарты жыл ішінде, яғни жылына екі рет және тоқсан сайын жалдамалы қызметкерлер бойынша 200.00 нысаны беріледі.
2025 жылы сатып алынған және тіркелген және мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң сатылатын жылжымайтын мүлік сатылған жағдайда құн өсімінен түсетін табыс пайда болмайды, өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелетін жылжымайтын мүлік объектілеріне әсер етеді, демек, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу кезінде иелену кезеңі екі жылды құрайды.