Рульдік басқарудың оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Рульдік басқарудың оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 16 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 8703 21 109 1 қоспағанда 8703 21*-ден; 8703 22*-ден; 8703 23*-тен; 8703 24*-тен; 8703 31*-ден; 8703 32*-ден; 8703 33*-тен; 8703 40 109 қоспағанда 8703 40*-тан; из 8703 50*-ден; 8703 60 109 қоспағанда 8703 60*-тан; 8703 70*-ден; 8703 80 000*-ден; 8703 90 00*-ден; 8706 00 910*-ден; 8707 10 900 0*-ден; 8707 90 900 9*-ден руль оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.