
Салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді.
Мемлекеттік баждың қате немесе артық төленген сомасын қайтару үшін салық төлеуші төлем жүргізілген мемлекеттік кірістер органына жүгінуі керек, онда оған:
- мемлекеттік баждың қате төленген сомасын қайтару туралы салықтық өтініш;
- мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін негіз болып табылатын мемлекеттік органның растайтын құжатты ұсыну қажет болады.
Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.
Электрондық түрде мемлекеттік баждың қате төленген сомасын қайтаруға:
Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервисі - "Салық төлеуші кабинеті";
"Е-gov.kz электрондық үкімет " порталы;
"Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруге болады.