
"Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген БКМ модельдері деректемелерді бақылау чегінде басып шығаруды, соның ішінде қазақ тілінде қазақ тілінің ерекше әріптерінің қолдануымен қамтамасыз етеді.
Салық кодексінің 166 - бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8) фискалдық белгіні;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Бақылау-касса машинасының чегі бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.
2022 жылдан бастап БКМ әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп 2.0.2. фискалдық деректер операторының серверіне онлайн БКМ-ден деректерді берудің бірыңғай хаттамасы жаңартылды және бекітілді. Клиенттің талабы бойынша фискалдық чекте сатып алушының ЖСН/БСН болуы тиіс, жаңа хаттама шыққаннан кейін бұл ақпарат енді фискалдық деректер операторының серверіне берілетін болады, бұдан әрі МКК ақпараттық жүйелеріне түседі.